Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия үш жылдық жұмысын қорытындылады

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия үш жылдық жұмысын қорытындылады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының соңғы отырысы өтті, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Ақорданың хабарлауынша, басқосуда Мемлекеттік комиссияның және оның аймақтық бөлімшелерінің жұмысы қорытындыланды.

Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес құрылған Комиссия ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Комиссия, ең алдымен, зерттеу-іздеу және жинақтау-талдау жұмыстарына баса мән берді. Оның қызметін үйлестіру үшін Жобалық кеңсе құрылып, құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Түрлі санаттағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын қамту үшін нақты тақырыптар бойынша бөлінген үш ғылыми топ жасақталды. Әр өңірде аймақтық комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етті. Олар еліміздің түкпір-түкпіріндегі 60-тан астам мемлекеттік және ведомстволық архивте ауқымды жұмыс атқарды", - делінген хабарламада.

Қазірдің өзінде 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан құпия белгісі алынып тасталды.

Сурет: akorda


#комиссия