Семей қаласында 31 отбасы баспаналы болды

Семей қаласында 31 отбасы баспаналы болды

Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 31 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Пәтер кілттері көп балалы және жетім балаларға  табыс етілді. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.

«Міне, бүгін Жаңа жыл қарсаңында 31 азамат пәтер иесі атанып отыр. Биыл облыс әкімінің тікелей қолдауымен пәтер кезегінде тұрған азаматтарға жеделдетіп үй беру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Табалдырықтан аттаған 2024 жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық, табыс әкелсін!»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылы жалпы саны 211 пәтер берілді.

Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. 

Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан. 


#Семей, #баспана