Семей курсанттары ант қабылдады

Семей курсанттары ант қабылдады

Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Семей филиалының 30-дан астам курсанттары әскери ант қабылдады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпарат агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәл осы курсанттар ағыны үшін салтанатты ант беру рәсімі 28738 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті.

Курсанттардың жақын туыстарынан басқа, әскери ант қабылдау рәсіміне «Шығыс» өңірлікқолбасшылығының әскери бөлімдерін жасақтауқызметінің өкілдері де келді. Салтанатты іс-шарадан кейін әскери мектепті бітіргенкурсанттарға әскери бөлімдерде бос лауазымдарұсынылды және келісімшарт бойынша әскериқызметшілер үшін көзделген жеңілдіктертүсіндірілді. Іс-шара соңында 15 курсант одан әріқызмет өткеруге қызығушылық танытты.

Келісімшарт бойынша қызмет өткеруге ниетбілдірген курсанттардың қатарында Аягөзгарнизонының инженерлік-саперлік батальонындақызмет өткергісі келетін курсант ЖақсылықовТілекте бар:

-Осы сәтті пайдаланып, келісімшарт бойыншақызметке орналасуға ниет білдірдім. Әскердегіқызмет әрқашан тұрақтылықпен байланысты және Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы, - деп атап өтті ол.

Осы оқу жылында әскери дайындалған резерв курсанттары 2025 жылғы 24 ақпан мен 9 сәуіраралығында оқудан өтті. Қырық күн ішіндекурсанттар запастағы офицерлердіңбасшылығымен әскери саперлер мамандығынигерді және оқу курсын аяқтағаннан кейінкелісімшарт бойынша одан әрі қызмет өткеру үшінҚарулы Күштер қатарына шақырылуға мүмкіндікалды. 


#Абай облысы, #"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы, #ант