Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
Маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн. Мереке 1992 жылдан бастап аталып өтуде.
Абай облысында мереке аясында түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Соның ішінде орталық алаңда өткен ауқымды патриоттық флешмоб. Алаңда бір мезетте мыңнан астам семейліктер мемлекеттік Әнұранды шырқады.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар,мереке аясында «Бейбітшілік» аралынан бастау алған веложарыс ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам велошабандоз қатысты. Жарысқа қатысушылар «Бейбітшілік» аралынан орталық алаңға дейінгі аралықты жүріп өтіп, патриоттық флешмобқа қосылды.
Айта кетейік, бүгін жастар арасында тақырыптық көрмелер, челлендждер мен флешмобтар өтеді.
#Семей, #ҚР Рәміздері күні, #әнұран