Қоғам 40 қаралымabaidan.kz

Семейде 29 қараша күні қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады

Семейде 29 қараша күні қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады

2026 жылғы 29 қарашада мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін ұйымдастырылады.

Аталған бастама тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз әрі қолайлы жетуіне жағдай жасау мақсатында қолға алынған.

Осыған байланысты 29 қараша күні қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарында жолаушылар тегін қатынай алады.

Бұл шара тұрғындардың сайлау науқанына белсенді қатысуына қолдау көрсетіп, дауыс беру учаскелеріне бару мүмкіндігін жеңілдетуге бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарын берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға және азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз!