Қоғам 19 қаралымabaidan.kz

Семейде 9 теміржол өткелі жөнделді

Семейде 9 теміржол өткелі жөнделді

Қала әкімі Әділет Қожанбаев құрылыс аяқталған теміржол өткеліне барып, жұмыс сапасын көріп қайтты. 
Биыл облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен Семей қаласында 9 теміржол өткелі жөндеуден өтті. 

Семейде 9 теміржол өткелі жөнделді

Жөнделетін өткелдер тұрғындардың өтініштері мен учаскелердің қала қозғалысы үшін маңызын ескере отырып таңдалды. Матросский тұйық көшесінде, Қаржабайұлы, Титов және Дулатов көшелерінде бір-бір өткелден, Мичурин көшесінде үш өткел және Лебаев көшесінде екі өткел жөнделді. Барлық учаскеде жұмыс аяқталып, көлік қозғалысы ашылды. 
Осыған дейін Абай облысының прокуратурасы мен Бас көлік прокуратурасының бірлескен Үйлестіру кеңесінде теміржол өткелдерін ретке келтіру мәселесі қаралған болатын.
2027 жылы да қала үшін маңызды бірнеше өткелді жөндеу жоспарланып отыр.