Семейде қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жаңа полигон салу жоспарланған

Семейде қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жаңа полигон салу жоспарланған

Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы Серік Сарбасов өңірлік коуммникациялық қызметінде БАҚ өкілдеріне баспасөз-мәслихатын өткізді. Кездесуде  «Абай облысының 2023-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу бағдарламасы талқыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.

- Аягөз, Курчатов қалаларында  жаңа бірыңғай қазандық салу жұмыстары басталды. Қазіргі   жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталып қалды, мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі 2024 жылдың маусымы. Қорытынды алғаннан кейін жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім берілетін болады.  Аягөз қаласында бірыңғай қазандық салу бойынша жер учаскесі анықталып жатыр, - деп атап өтті Серік Сарбасов.

Облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жаңа заманауи полигон салу жоспарланған. Жаңа  полигон Знаменская тас жолында болады.

   -  Семей қаласының әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қоқыс сұрыптау зауытының құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге меморандум жасады. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында жобаға мемлекеттік сараптама жүргізу және бюджеттік өтінім жіберуді жоспарлап отыр.  2023-2025 жылдары 28 ауылдық округте қоқыс полигондарын жаңғырту және салу жоспарда бар, - деді департамент басшысы.

Семей қаласының әкімдігімен жаңа үлгідегі қоқыс салатын қосымша 1370 контейнер жеткізіліп,  162 контейнер алаңы жасалды. Қоқыс шығаратын компания көліктердің санын 6 бірлікке арттырған. Облыста  қатты тұрмыстық қалдық жиналған  357 орын анықталды. Бүгінде  ол полигондар толығымен жойылған.


#Семей, #Абай облысы, #қоқыс