Семейде «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубы марапатталды

Семейде «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубы марапатталды

Гарнизондық офицерлер үйінде «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының мүшелерін құрметтеушарасы өткізілді. Іс-шараны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы өткізді, мерекеге қатысушылардан басқа команда мектеп басшылығымен қатар, балалардың ата-аналарыда шақырылды. 

 

-Сіздер халықаралық деңгейде өткен «Айбын-2023» әскери-патриоттық жастар жиынында абыроймен қатысып, жүлделі екінші орынды иеленіп, Абай облысын жүлдегерлер қатарында көрсете білдіңіздер. Сіздерді осы жиындарға белсенді дайындаған мектеп басшылығына, ата-аналарға және әскери қызметшілерге алғыс айтамын. Жақын арада бірінші орынды еншілейсіздер деп үміттенемін, - деді , «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Уштаев.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді, мектеп басшылығы, алғашқы әскери дайындық оқытушылары, командаларды даярлауға қатысқан әскери қызметшілер де марапаттан тыс қалмады. 

Сонымен қатар, №49 жалпы білім беретін мектептің басшылығы да өз оқушылары мен әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табыс етті. 

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.


#Семей, #Абай облысы, #"Жас барлаушы" клубы