Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын құрметпен еске алды

Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын құрметпен еске алды

31-мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Семей қаласында бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Солардың аясында “Әлихан Бөкейхан”, “Ұстаз бен шәкірт” және “Қайым Мұхамедханов” ескерткіштеріне гүл қойды. Бұл шара – еліміздің тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болған қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына деген құрметтің белгісі. Гүл қою арқылы жұртшылық сол бір зұлмат жылдардың жазықсыз жапа шеккен азаматтарын еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Рәсімге қоғам өкілдері, желтоқсандықтар, жастар, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты. Олар Алаш арыстары мен ұлт зиялыларының ел үшін атқарған еңбектерін, қайраткерлік жолдарын еске алып, олардың мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.


#Семей, #Әлихан Бөкейхан