Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 342 қаралымabaidan.kz

Шығыс Қазақстанда 165 елді мекеннің әлі бас жоспары жоқ

Шығыс Қазақстанда 165 елді мекеннің әлі бас жоспары жоқ

Шығыс Қазақстан облысындағы 165 ауылдың бас жоспары бекітілмеген,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңір аумағында 360-қа жуық елді мекен орналасқан. Олардың бекітілген бас жоспармен қамтамасыз етілу деңгейі 52%-ды құрайды. Ал 165 елді мекеннің бас жоспары жоқ.

— Заңнамаға сәйкес, бас жоспарлардың есептік қолданылу мерзімі 15-20 жыл. Қазіргі уақытта 100-ден астам елді мекеннің жоспары бойынша осы мерзімнің өтуіне байланысты оларды түзету қажет. Бүгінгі таңда облыс қалаларының 6 бас жоспарының ішінде екеуі цифрландырылып, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасына енгізілді, — деді басқарма басшысы Руфат Акрамов.

Оның айтуынша, бекітілген бас жоспарларсыз туризм саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкін емес.

Былтыр облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен біріктірілген ауылдық елді мекендердің 22 бас жоспары әзірленген.