Қала күнін мерекелеу аясында қаламыздың сол жағалауында қазыналы қарияларға қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығының» тағы бір бөлімшесі ашылды. Бұл туралы 018.kz - ке сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Белсенді өмір сүру орталығында қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарын, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тілдік курстардан өтіп, сондай-ақ, би, домбыра үйірмесіне, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Сонымен қатар, скандинавиялық серуендеуге шығып, үстел ойындарын да ойнай алады. Бұл бөлімше аптасына 100-ден астам зейнеткерлік жастағы адамдарға қызмет көрсете алады.
Орталықтың негізгі мақсаты - зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу.
Орталықтың ашылу салтанатына Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.
Айта кетейік, Белсенді ұзақ өмір орталығы қалада 5 филиалы жұмыс істейді: соның ішінде соңғы екі жылда 4 филиал ашылды.






