Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі

Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Өзгерістер 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. 

Нәтижесінде 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады. Орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. 

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 

Айта кетейік, былтыр «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға көтерілген.


#су, #ағын су