Таиландта қазақстандықтар мінген яхта жарылып кетті
Жергілікті Khaosod ақпарат порталының хабарлауынша, яхтада 33 ресейлік және қазақстандық турист, бір экскурсия жетекшісі және үш экипаж мүшесі болған.
Пхукет аймақтық айлақ кеңсесі жергілікті уақыт бойынша 1 сәуір күні сағат 9:00 шамасында «Thanamarine 555» атты яхтада өрт туралы хабарлама алған.
Ақпаратқа сәйкес, яхта капитаны қозғалтқыш ақауларына тап болып, көмек жіберуді хабарлаған соң жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Осы кезде кенеттен өрт шығып, жарылыс болған.

Жарылыс салдарынан үш экипаж мүшесі және үш турист жарақат алған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерді жергілікті ауруханаға жеткізді.
Пхукет аймақтық айлақ кеңсесі оқиға орнына тергеу және көмек көрсету үшін порт патрульдік қайығын жіберген.

Таиланд Туризм және спорт министрі Суанг Тиенхонг туристтік полиция бюросы мен тиісті жергілікті мекемелерге қауіпсіздікке, саяхатты ұйымдастыруға және зардап шеккендерге мұқият медициналық көмек көрсетуге назар аудара отырып, туристерге толық көмек көрсетуді тапсырды.
Осыған дейін Малайзияда газ құбырындағы жарылыстан 112 адам зардап шеккенін жаздық.