«Теплокоммунэнерго» қазандықтарын тексеру барысында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды
Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында Абай облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және ҰҚКД бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеу кезінде қолданыста болған материалдарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz тілшісі хабарлайды.
Облыс әкімі арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері белгіленді.
#Семей, #Абай облысы, #жылу, #жылу маусымы