« TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ»

« TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ»

 

ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының үшінші күні Түркия Республикасы Туризм министрлігінің Орталық Азия аймағындағы Мәдениет және Туризм кеңесшісі Алпарслан Акынджы «Жаңа «Жібек жолы» туристік белдеуіндегі Түркі ұйымына мүше елдердің ынтымақтастық негіздері», Бельгияның Брюссель қаласынан келген www.brukselturk.beсайтының иесі Юсуф Джинал «Түркі журналистерінің еуропалық БАҚ-ғы ортақ жобалары», Қырғызстанның Бішкек қаласынан келген Элтр телеарнасының сарапшысы Сайрагүл Полотова «Орталық Азия мен Түркиядағы медианың ақпараттық интеграциясы» тақырыптарында ойларын ортаға салды. 

 

Сонымен қатар, Өзбекстан Парламентінің  «Халқ Сузи»-«Народное слово» газетінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Түркістан» телеарнасының директоры Жанахмет Ағыбаев, Ербол Сейілхан, PR маман Айбар Олжаев, журналист Думан Бықай сынды БАҚ саласының мамандары кәсіби этика, жасанды интеллект, монетизация жайнда тәжірибелерімен бөлісті. 

 


#түркітілдесжурналистерқоры, #ФорумАлматы