Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 56 қаралымabaidan.kz

Қала күніне орай тұрғындар Биологиялық орталықты тегін тамашалады

Қала күніне орай тұрғындар Биологиялық орталықты тегін тамашалады

Қала күніне арналған мерекелік апталық аясында 15 қыркүйек – «Семей – мейірімді қала» күніне орай тұрғындар үшін ерекше мүмкіндік ұсынылды. Осы күні Биологиялық орталық келушілерге есігін айқара ашып, тұрғындар мен қала қонақтарына тегін қызмет көрсетті.

Мерекелік күнді тиімді пайдаланған қала тұрғындары Биологиялық орталыққа арнайы барып, мұндағы жануарлар әлемімен жақынырақ танысты. Келушілер табиғаттың алуан түрлілігін тамашалап, жануарлардың тіршілігі туралы мағлұмат алды.

Әсіресе балалар үшін бұл күн ерекше әсерлі өтті. Отбасымен бірге келген бүлдіршіндер жануарларды бақылап, табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алды. Танымдық серуен балалардың бос уақытын пайдалы өткізуімен қатар, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

Биологиялық орталықтағы мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор. Табиғатпен етене танысу жас ұрпақтың жан-жануарларға қамқорлықпен қарауына, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінуіне жол ашады. Сонымен қатар отбасылық демалысты мазмұнды ұйымдастырып, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

«Семей – мейірімді қала» күні аясында ұйымдастырылған бұл игі бастама қала мерекесіне ерекше жылылық сыйлады. Тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шара Семейдің мейірімділік пен қамқорлықты дәріптейтін мерекелік апталығының мазмұнын толықтыра түсті.