Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 50 қаралымabaidan.kz

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

Бүгін Семей қаласында «EcoForest» толық циклді экологиялық ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Xinjiang Chunzheng Aosi Trading Co., Ltd. компаниясының бас директоры Чжан Ликай қатысты.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде бұл жобаның өңірдің өнеркәсіптік, инвестициялық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға зор үлес қосатынын атап өтті.

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инвестиция тартуды еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі ретінде үнемі айтып, тиісті тапсырма беріп келеді. Абай облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және жаңа өндірістерді іске қосуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі жоба – халықаралық серіктестіктің нақты нәтижесі. Былтыр Қытай Халық Республикасында өткен «Үлкен Алтай» халықаралық конференциясында басталған келіссөздердің нәтижесінде бұл бастама жүзеге асырылғалы отыр. Жоба өңірлік үйлестіру кеңесінде қолдау тауып, оны іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, жер учаскелері берілді. Жобаның іске асырылуы өңірдің өнеркәсіптік және экологиялық дамуына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге және ағаш шикізатын тиімді, кешенді әрі қалдықсыз пайдалануға мүмкіндік береді», – деді Берік Уәли.

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды
Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды
Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

Жоба өрттен зардап шеккен және санитарлық кесуге жататын ағашты тиімді өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалануға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 67 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның аясында Семей қаласында 50 гектар аумақта толық циклді индустриялық-экологиялық ағаш өңдеу паркі, ал Бородулиха ауданындағы Михайловка ауылында 4 гектар жерде ағашты бастапқы өңдеу кешені салынады.

 

Семейдегі кешенде жылына 2 миллион текше метрге дейін ағаш шикізатын өңдеп, 800–900 мың текше метр дайын өнім шығару жоспарланған. Кешен құрамына жылына 250–300 мың текше метр қуаттылыққа ие E1, E0 және ENF класындағы тақталар өндіретін зауыт, жылына 250–300 мың текше метр қуаттылыққа ие OSB және FOSB тақталарын өндіретін зауыт, жылына 100 мың текше метрге дейін дайын өнім шығаратын жиһаз өндірісі модулі, термиялық модификацияланған және антисептикалық өңдеуден өткен ағаш өндірісі, еуропаллеттер өндірісі, ағаш пеллеттері мен биоотын өндіретін зауыт, органикалық тыңайтқыштар өндіретін зауыт, құрылыс-логистикалық орталық және қажетті инженерлік инфрақұрылым енеді. Бородулиха ауданындағы кешенде жылына 500 мың текше метрге дейін ағаш өңдеу және 120–150 мың тонна пеллет өндіру көзделген. Аталған алаңда ағашты қабылдау, есепке алу және сұрыптау, қабығын аршу, сортименттерге бөлу, аралау, кептіру, ұсақтау және шикізатты терең өңдеуге дайындау жұмысы жүргізіледі. Дайындалған ағаш Семей қаласындағы негізгі өндірістік кешенге жіберіледі.

 

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

Жоба аясында заманауи автоматтандырылған өндіріс іске қосылып, ағаш шикізаты қалдықсыз технология бойынша терең өңделеді. Кәсіпорындарда OSB және FOSB панельдері, MDF, ағаш-жаңқалы тақталар, фанера, шпон, инженерлік және әрлеу панельдері, жиһаз дайындамалары, ағаш пеллеттері, биоотын және органикалық тыңайтқыштар өндірілетін болады. Толық қуатына шыққан кезде кәсіпорындарда 900-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылып, өндірілген өнім Қазақстан нарығымен қатар Орталық Азия, Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея және өзге де халықаралық нарықтарға экспортталады.
 

Инвесторлардың айтуынша,  жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті азаматтардан құралады.

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды
Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

Кәсіпорынның аймақ экономикасы үшін маңызына тоқталған «Xinjiang Chunzheng Aosi Trading Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжан Ликай индустриялық-экологиялық парк құрамына заманауи өндіріс орындары біріктірілетінін айтып, бұл бастама ағаш өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді.

«Біздің жоба орман аумақтарын санитарлық тазартуды, ағашты бастапқы және терең өңдеуді, дайын өнім, биоотын және органикалық тыңайтқыштар өндіруді біріктіреді. Жобаның негізгі қағидаты – ағаш шикізатының әрбір бөлігін барынша тиімді пайдалану және өндірістік қалдықтардың көлемін минимумға дейін азайту. Бұл жоба өрттен зардап шеккен орман учаскелерін санитарлық тазарту жұмыстарын жеделдетуге, өңірде заманауи өңдеу өнеркәсібін қалыптастыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналатынына сенімдіміз», – деді Чжан Ликай.
 

Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды
Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды
Абай облысында «EcoForest» толық циклді ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды

Кәсіпорын 2028 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Оның іске асырылуы өңірде ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және жоғары қосылған құны бар экспортқа бағдарланған өнім өндіруге мүмкіндік береді.
          Айта кетейік, биыл облыста жалпы құны 131,2 млрд теңге болатын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 3263 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал жыл басынан бері  34,62 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 598 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.