Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Заң мен тәртіп 960 қаралымabaidan.kz

Абай облысында тұтынушылар құқығы белсенді қорғалуда

Абай облысында тұтынушылар құқығы белсенді қорғалуда

2025 жылдың басынан бері Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 800-ден астам азаматқа көмек көрсеткен, деп хабарлайды  абайдан ақпараттық агенттігі Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап. Нәтижесінде тұтынушыларға ақшалай қаражаттары қайтарылып, сапасыз тауарлар ауыстырылған.

- Өтініштердің көпшілігі бөлшек сауда, тұрмыстық техника және онлайн саудаға қатысты болды. Департамент мамандары мәселелердің басым бөлігін сотқа жеткізбей, жазбаша наразылық арқылы шешуге жәрдемдесті. 400-ден астам тұтынушы дауын бейбіт түрде шеше алды,-дейді Серікхан Нұртазин Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.                             

Барлық жұмыс «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 42-4-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл бапқа сай, тұтынушы тауарда немесе қызметте кемшілік анықталса, сатушыға жазбаша наразылық білдіруге құқылы. Ал сатушы 10 күн ішінде жауап беруі тиіс. Жауап бермеу — әкімшілік құқық бұзушылық. Биыл наразылыққа жауап бермегені үшін 12 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өтініштердің 18 %-ке артуы тұрғындардың құқықтық сауаттылығының өскенін көрсетеді.

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушыларға құқық бұзушылық анықталған жағдайда сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жазбаша наразылық білдіру құқығын пайдалануға кеңес береді.