Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы кірісдекларациясын кім тапсыруы керек?

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы кірісдекларациясын кім тапсыруы керек?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелерітуралы декларацияны (250.00 СЕН) 2025 жылы ұсынуға келесі санаттар міндеттелетінін мәлім етеді:

• шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасыныңазаматтары мен резиденттері;

• сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарғакандидаттар;

• банктің, бағалы қағаздар нарығының немесесақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысыболуға ниетті тұлғалар;

• жеке практикамен айналысатын тұлғалар;

• декларацияны ерікті түрде тапсырғысы келетіназаматтар.

Декларацияны ерікті түрде ұсынған кезде декларанттар 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялай алады, бұл кейіннен жеке тұлғаның шығындарын растауға негіз болатындығын атап өткен маңызды.

Қолма-қол ақша сомасы 10 000 АЕК-тен асатын азаматтарға (2024 жылы бұл 36 920 000теңге) бұл қаражатты 2024 жылғы 31желтоқсанға дейін банктік шоттарғаорналастыру қажет.

Бұл ағымдағы жылдың соңына дейінкредиторлық және дебиторлық берешектінотариалды куәландыруға да қатысты.

Жеке практикамен айналысатын тұлғаларбойынша 2025 жылы 240.00 нысанындағы салықесептілігі жойылатынын атап өткім келеді.

Олар 2025 жылы 240-шы нысанның орнына 250-ші бастапқы және 270-ші нысандарды ұсынады.

Ұсыну мерзімі 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін, ЖТС төлеу мерзімі-2025 жылғы 25 қыркүйеккедейін.

 

Декларацияны қалай тапсыруға болады?

Декларацияны Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы, Web-портал Moldir.qoldau.kz, eGov mobileмобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің (Каспи, Халық, БЦК) мобильді қосымшаларыарқылы тапсыруға болады.