Жас қызметкерлер ғасыр жасаған майдангермен кездесті

Жас қызметкерлер ғасыр жасаған майдангермен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеменің жас  қызметкерлері «Ардақты ардагерім» акциясының аясында 99 жасқа келген Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Иван Романович Шевцовпен кездесті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  Ардагер жас қызметкерлерге басынан кешкен оқиғаларын әңгімелеп,  Жеңістің 80 жылдығын  көргісі келетінін айтты. Семей қаласының әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкері  Искакова Жанар Сәкенқызының айтуынша, ардагер жуырда оңалту орталығында демалып келген. Қазір денсаулығы жақсы. Иван Романович Алтай өлкесінің Антоновка ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Қызыл әскер қатарына шақырылып, Польша мен Чехословакияны азат ету шайқастарына қатысқан.

Майдангер батырлығы мен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, және адал еңбегі үшін «Қызыл Жұлдыз» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып қызмет атқарған.

Мекеме қызметкерлері ардагерге жеңіске қосқан үлесі мен жауынгерлік ерлігі үшін алғыс айтып, зор денсаулық тілеп, сыйлықтарын табыстады.


#Семей, #Ұлы Отан соғысының ардагері, #Жеңіс күні, #Ұлы Жеңіске 80 жыл