Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы: Абай облысында 22 жолды су шайған

Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы: Абай облысында 22 жолды су шайған

Көктемгі су тасқынында Абай облысында 22 жолды су шайған,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы – Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы – Абай облыстық филиалының директоры Фурхат Джулановтың айтуынша, оның екеуі республикалық жолдар болса, қалғаны өңірлік жолдар. Қайта құру шеңберінде мердігер ұйымдар жолдарды қысқа мерзімде жасаған. Сондай-ақ Аягөз, Көкпекті, Ақсуат аудандарында 3 көпірді су шайып кеткен. Ол жерде жергілікті атқарушы органдар техникалық сараптама жүргізеді. Соның қорытындысы бойынша көпірлерді қайта салу немесе күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданады. Қазірде басқа ауылдар бойынша жол нысандарына су өткізетін құбырлар қосып жатыр.


#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"