Семейде коммуналдық азық-түлік базары ашылады

Семейде коммуналдық азық-түлік базары ашылады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын барысында өрттен зардап шеккен саудагерлердің бастамашыл тобы: құжаттарды алу, келісімшарттар жасау, сауда орындарын бөлу және қор құруға қатысты сұрақтарды көтерді.


Бүгінде сауда үйіндегі өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы органдардар жан-жақты қолдау көрсетуде. Соның бір түрі, кәсіпкерлерге барлық қажетті құжаттар жеңілдетілген түрде ұсынылып жатыр.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер өз тауарларын сата алатын жаңа орындар қарастырылу үстінде. Сондай-ақ, кездесу барысында 2024 жылдың үшінші тоқсанында Семей қаласында коммуналдық азық-түлік базарын салу жоспарланғаны айтылды.

Сонымен қатар, облыс көлемінде мәслихат депутаттары зардап шеккен кәсіпкерлерге қор арқылы қаржылай көмек көрсетуге дайын.

Бұдан бөлек, өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініштеріне сәйкес қосымша кеңес беру қолға алынған.Жиын аясында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.


#Абай облысының әкімі, #кәсіпкерлік, #Ақшың корпорациясы