ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ ОРЫНДА

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ ОРЫНДА

Жаз мезгілі жолаушылардың жиі жүретін кезі. Жылдың бұл мезгілінде жол қызметкерлерінің қырағы танытатын шағы деуге болады. Жол мамандары үшін жол қауіпсіздігі басты орында. Сондықтан, «ҚАЖсервис» мекемесінің Абай облысындағы филиалы облыстағы республикалық жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі жалғастыруда6-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі "Жол активтер сапасының ұлттық орталығы" РММ Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Біз тамыз айында 32 дана үй жануарларының макеттерін, 25 дана стрбаскоптарды орнатуды жоспарлап отырмыз», - дейді «ҚАЖсервис» ЖШС Абай облысы филиалының бөлім басшысы Айтбек Биахмет.

Жыл басында жазғы күтіп-ұстау жұмыстарына арналған кешенді жоспар қабылданған. Жоспар аясында осы күнге дейін облыстағы республикалық жолдарда 42 мың шаршы метрден аса шұңқыр жамалды. Сонымен қатар, 2 100-ден аса сигналды бағандар ауыстырылып, 1000-ға тарта жол белгілері жаңартылған. Жол жолақтары да сызылған. Жолшылар әсіресе жол бойындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға күш салып келеді. 

«Бізде қазір күтіп-ұстауда 1 592 шақырым жол бар. Барлық жолда жол пайдалану бөлімдері күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді. Қолымызда өткен 6 айдың қорытындысы бар. Сол қорытынды негізінде республикалық жолдардағы қауіпті аймақтар анықталып, қараша айында дейін кемшіліктерді жөндейтін боламыз», - дейді Айтбек Биахмет.     


#жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"