Аудандық кітапханада Конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Аудандық кітапханада Конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін аудандық кітапхана ғимаратында кітапханашылардың қатысуымен Конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ олардың елдің құқықтық дамуына ықпалын талқылау болды. Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбаевич Мукашев реформаның негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуы, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, ол Конституциялық реформаның құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға және қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтіп, оны қолдайтындықтарын білдірді. Кездесуге қатысушы Айтжамал Ибраева өз сөзінде:

«Менің ойымша, Конституциялық реформа дер кезінде жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер қазіргі заман талабынан туындап отыр және құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған», – деп атап өтті.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, пікір алмасты. Кездесу қорытындысында мұндай іс-шаралардың тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституциялық реформаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.


#кітапхана, #Конституциялық реформа