Ауыл шаруашылығы – елдің берекесі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің экономикалық дамуы мен реформалары туралы айтты. Салық саясаты, инфрақұрылым, көлік және логистика саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Дегенмен, Президенттің ең басты назарында – ауыл шаруашылығын дамыту.
Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш бұл бағытты толық қолдайтынын жеткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. «Мал шаруашылығын дамыту аса маңызды. 2035 жылға қарай әлемде ет тұтыну көлемі артатын болады, ал оның импорты 27 миллион тоннаға жетеді», – дейді ол. Айтмұқаштың айтуынша, ауыл шаруашылығының әлеуеті зор, дұрыс саясат пен қолдау оны одан әрі гүлдендіреді.
Президент сондай-ақ халықтың мұң-мұқтажына мән беріп, мәселелерді ашық айтуға баса назар аударады. «Қазақстанның әлеуетін еселей түсу үшін әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз бір ел болып, халық мүддесін қорғау жолындағы мақсатымызға жетеміз», – деді. Айтмұқаш бұл сөздерді елді біріктіретін нақты бағыт деп бағалайды.