Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды

Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды. 

Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады. 

Қазақстан мен Иорданияны мығым стратегиялық серіктестіктік біріктіреді. 2023 жылы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойы аталып өткен еді.


#ҚР Президенті