Құқық 36 қаралымabaidan.kz

«ABAI BOL» мобильді қосымшасы әзірленді

«ABAI BOL» мобильді қосымшасы әзірленді

Азаматтарды телефон қоңыраулары мен хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің ықтимал тәуекелдері туралы хабардар етуге, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған «ABAI BOL» мобильді қосымшасы әзірленді.

Аталған мобильді қосымша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және алаяқтық сипаттағы қоңыраулардың 90%-ға дейін алдын алуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында «ABAI BOL» мобильді қосымшасын жүктеп алу қажеттілігі туралы ақпаратты интернет-ресурстарыңызда, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларыңызда және өзге де ақпараттық алаңдарда кеңінен жариялап, таратуды сұраймыз.

📱 Google Play: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.ispark.abai_bol

📱 App Store: https://apps.apple.com/kz/app/abai-bol/id6791597319