2025 жылдың 31 қазан күні Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталуда,-деп хабарлайды abaidan.kz со Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабына сілтеме жасап
Осы мақсатта автокөлік қозғалысы мен басқа да жағдайларға шектеу шаралары қарастырылған.
Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
#Семей, #оқу-жаттығу, #терроризмге қарсы