Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құқық 56 қаралымabaidan.kz

Абай облысында акция аясында 48 қару тапсырылды.

Абай облысында акция аясында 48 қару тапсырылды.

Абай облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акция аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Абай облысында акция аясында 48 қару тапсырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың қолындағы заңсыз сақталған немесе пайдаланылмайтын атыс қаруын ерікті түрде қабылдау, оны азаматтық айналымнан шығару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Шара басталғаннан бері облыс тұрғындарынан 38 өтініш келіп түсті. Нәтижесінде құқық қорғау органдарына 48 дана атыс қаруы тапсырылды. Оның ішінде 12 дана ойық ұңғылы және 36 дана тегіс ұңғылы қару бар.

Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға қолданыстағы тәртіпке сәйкес ақшалай сыйақы қарастырылған. Бүгінгі таңда облыс бойынша тапсырылған қару үшін азаматтарға жалпы 4 млн 749 мың теңге төленді.

Атыс қаруын ерікті түрде тапсыру – қарудың заңсыз айналымға түсуінің алдын алуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған шаралардың бірі. Сонымен қатар, азаматтарға өздерінде заңсыз сақталған қару болған жағдайда оны белгіленген тәртіппен ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік береді.

Полиция  тұрғындарды акцияға қатысуға және қолдарында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар болған жағдайда оларды белгіленген тәртіппен тапсыруға шақырады.

Акция аясындағы жұмыстар облыс аумағында жалғасуда.