Аңсағанның суреттері сөйлейді

Аңсағанның суреттері сөйлейді

« TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында желтоқсанның 2- 4-і аралығында Алматы қаласында ІІІ Халықаралық Түркітілдес журналистер қорының медиа форумы аясында суретші Аңсаған Мұстафаның көрмесі өтті. 

АңсағанМҰСТАФА – жастар арасында өзінің ойлы, терең мағыналы суреттерімен танылған қылқалам шебері. 

Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді  дер кезінде көтеріп, өз суреттерінде бейнелеп көрсете алғандықтан болар, қазір елімізде Аңсаған Мұстафаның танымалдылығы аса жоғары .

Ғаламторға салған суреттері арқылы әлемге танымал болған талант иесі, еліміздегі белгілі иллюстраторлардың бірі Аңсаған Құрманғазықызы әлеуметтік проблемаларды сипаттайтын суреттерін форумға жиналғандар назарына ұсынды.


#түркітілдесжурналистерқоры, #ФорумАлматы