Семейде Аңсаған Мұстафаның Абайға арналған көрмесі өтуде

Семейде Аңсаған Мұстафаның Абайға арналған көрмесі өтуде

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ұлы ойшылдың терең толғамдарын бүгінгі ұрпаққа көркем тілмен жеткізу. 

Атаулы экспозицияға автор 1,5 жыл бойы дайындалған.

– Экспозицияға 1,5 жыл дайындалдым. 58 жұмысымда ақын көтерген өзекті тақырыптарды бейнеледім. Әр туынды алдында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қайта оқып, мағынасына терең үңілдім, – деді Аңсаған Мұстафа.

Көрмеде ақыл, жүрек пен қайрат теңдігі, ар-ождан, еңбек, талап, мақтаншақтық пен рухани кемелдік секілді тақырыптар көркем образ арқылы өрілген. Әрбір туындының жанында Абай шығармаларынан алынған нақыл сөздер мен үзінділер ұсынылған.

Аңсаған Мұстафаның арт-пластика жанрындағы туындылары осы уақытқа дейін әлемнің 30-дан астам елінде өткен 155 көрмеге қатысқан. Олардың қатарында Корея, Түркия, Аргентина, Мексика, Италия, Франция, АҚШ, Жапония, Иран, Польша, Үндістан және басқа да мемлекеттер бар.


#Семей, #мәдениет, #Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл