Вена балы өтті

Вена балы өтті

 «Абай жастары» облыстық ресурстық орталығы жастар арасында қызықты және дәстүрлі түрде өтетін "Вена балы-2023" ұйымдастырды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Шара Абай облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтті.


Салтанатты кештің мақсаты студент жастардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жастардың арасында өзара сыйластық пен түсіністікті насихаттау. Байқауға өңірдегі жоғары орындардың және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі студенттерінен би топтары қатысты.

 

 

Сән-салтанаты келіскен жұптардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалап, марапатады.Сонымен Дәстүрлі «Вена балы-2023» байқауының жүлдегерлері болып: 

1-орын: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті; 2-орын: Алихан Бөкейхан университеті;

3-орын: Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медициналық колледжі;  Кештің үздік Ханзадасы мен Ханшайымы номинациясын Семей Медицина Университетінің жұбы иеленді.

Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.


#Абай облысы, #Вена балы