Ауқымды өзгерістер: Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына сүйенген резолюцияны қабылдады

Ауқымды өзгерістер: Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына сүйенген резолюцияны қабылдады

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерін Мемлекет басшысының төңірегінде топтасуға және Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция (қарар) қабылданды,-деп хабарлайды kaz.inform.kz сілтеме жасап abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Айта кетейік, палата отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі» атты баяндама жасады. 

Бұл ретте ол еліміздің барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерін Мемлекет басшысының төңірегінде топтасуға және Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция қабылдауды ұсынған еді.

- Мен жаңа ғана өз сөзімде еліміздің барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерін Мемлекет басшысының төңірегінде топтасуға және Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция қабылдауды ұсындым. Бұл – Парламент Мәжілісінің резолюциясы... Бүгін мазмұнды әрі салиқалы жиын болды. Талқылау барысында елдегі ауқымды өзгерістердің барлық тұсы қамтылды деп ойлаймын. Сөз сөйлеген әр азамат өзінің құнды ұсыныстарын жариялады. Солардың барлығы мұқият зерделенеді. Мемлекет басшысы айқындап берген жолдан жаңылмауымыз қажет. Президент реформаларын іске асыру алдағы уақытта да баршамыздың басты міндетіміз болып қала береді, - деді Ерлан Қошанов.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.


#заң, #мәжіліс, #Парламент