Депутаттың араласуымен теміржолшылардың мәселесі шешілді
Теміржолшылардың көтерген мәселесі шешілді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов жазды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.
Абай облысы Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде халықпен кездесу өткізгенде, жүк тасымалдаушы Локомотив Депосы ТЧЭ-29 ұжымының қызметкерлері жалақыларын көтеру туралы мәселе көтерді.117 теміржолшы қол қойған өтінішті маған берген болатын.
Бұл мәселе бойынша менің тарапымнан жұмыстар жүргізілді. Көлік министрі М.К.Қарабаевқа және "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Н.Е.Сауранбаевқа сауал жолдадым.
Тиісті шешім қабылданып,1 қантар 2024 жылдан бастап жүк тасымалдаушы Локомотив Депосы ТЧЭ-29 қызметкерлерінің жалақсы көтерілді.
#мәжіліс, #депутат, #Нұртай Сабильянов, #Аягөз, #темір жол