Абай облысында судан бір тәулікте үш адам құтқарылды
Өткен тәулікте Абай облысында судан үш адам құтқарылды, деп хабарлайды abaidan.kzтілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
19 шілде күні Абай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2002 жылы туған жас жігітті жағадан алыс кетіп, суға бата бастаған жерінен құтқарған.
Алакөл көлінің демалыс базасының аумағындағы жағалауда 2017 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, бассейнге құлап кеткен. Оны жанындағы адамдар құтқарған.
Сондай-ақ, құтқару қызметіне суға түсу кезінде 2006 жылы туған қыздың аяғы тартылып қалған. Оны көл жағасында демалып жатқан куәгер құтқарған.
#Абай облысы, #ТЖД, #су, #Алакөл