Аягөз ауданында тұрғындар су тасқыны қаупі бар аймақтардан қауіпсіз жерлерге көшірілуде

Аягөз ауданында тұрғындар су тасқыны қаупі бар аймақтардан қауіпсіз жерлерге көшірілуде

28 наурыз кешкісін Аягөз өзенінің су деңгейі көтерілуі тіркелді. Осыған орай, сақтық шараларын сақтау мақсатында Аягөз өзеніне жақын орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне көшірілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінген. Алайда тұрғындардың көпшілігі уақытша туған-туыстарының үйлеріне кетіп жатыр. Сонымен қатар, Аягөз өзеніне жақын Ешмағанбетов, Шыңғожа батыр көшелерінің тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ескертілді. Ескерту жұмыстарында - 324 тұрғын қамтылды. Сондай-ақ, Мамырсу ауылдық округінде судың деңгейі көтеріліп, сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен жағасына жақын орналасқан 10 үйге, (оның ішінде 30 ересек, 40 бала) ескерту жұмыстары жүргізілуде. 
Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған.


#Аягөз, #ағын су