Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
29 тамызда Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді,- деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.