Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған: қылмыстық іс қозғалды
Жасөспірімдер орта мектеп оқушысын аяусыз ұрып тастаған. Зорлық зомбылық туралы бейне әлеуметтік желілерде таралған,- хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі orda.kz сілтеме жасай отырып. Алдын ала ақпарат бойынша, №9 мектептің алтыншы және жетінші сынып оқушылары мен №15 мектептің төртінші сынып оқушысы арасында жанжал туындаған. Кадрларда жасөспірімдердің баланы тепкілеп, оның басынан ұрып, тіпті секіріп жатқанын көруге болады. Қаскүнемдер бәрін телефонға түсіріп күледі, бір-бірін жігерлендіреді және оқушыны бетінен ұруға шақырады. Оған ұлдар да, қыздар да қатысқан.
Полиция оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Жанжалдың барлық қатысушылары жедел түрде анықталып, ата-аналарымен бірге бөлімге жеткізілді. Жасөспірімдерді есепке қояды, олардың мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылады.
#Семей, #Оқушы, #мектеп, #Полиция