Семейде серіктестіктердің бірінің аумағынан шыққан өрт сөндірілді
Бүгін өртке қарсы қызметіне, Семей қаласы Восточная көшесі "Qazaq Astyq Group" ЖШС ашық аумағында шемішке қабығының жануы туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz.
Өрт болған жерде жедел штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД-дан 33 адам және 9 бірлік техника, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен 30 адам және 5 бірлік техника және ЖШС қызметкерлері жұмылдырылған.
ҚТЖ ҰК-дан қосымша өрт сөндіру пойызы және 11 адам тартылды. Өрттің ауданы анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.