Уба өзеніндегі жағдай тұрақты

Уба өзеніндегі жағдай тұрақты

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев Уба өзеніндегі жағдайын көрді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап . Бүгінде тәулік бойы кезекшілік қойылған. Квадрокоптор арқылы өзендегі мұз ағынының жай-күйі мен су деңгейіне мониторинг жасалады.


Красноярск ауылдық округінің Уба өзенінде 12- 26 наурызда аралығында жалпы ауданы 10 632 шаршы метр мұзды жару жұмыстары жүргізілді.
Уба өзеніндегі жағдай қазіргі уақытта тұрақты, үйлерді су басу қаупі жоқ. Өзендегі су деңгейі қалыпты. Красный Яр ауылынан Камышенка ауылына қарай бес шақырым жерде ұсақ мұздардың анықталды, бірақұ ол ешқандай қауіп төндірмейді.
Қызыл Ярға 8 адамнан тұратын 112-ӨСБ, екі су техникасы келді.


#Абай облысы, #ТЖД, #Бородулиха ауданы, #су тасқыны