Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап. Ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар. ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда сенім телефоны: 8/7292/319099 жұмыс істеп жатыр. ҚР Көлік министрлігі Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі.