Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен кейін 16 бала ауруханаға жеткізілді

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен кейін 16 бала ауруханаға жеткізілді

Алматыдағы «Ақкент» шағынауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы - балалар, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.


#өрт, #Алматы