Алматыда қуатты жер сілкінісі болды

Алматыда қуатты жер сілкінісі болды

Алматыда қуатты жер сілкінісі болды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZINFORM сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды. Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.


#Алматы