Аягөзде өрттен бір үйдің 4 бүлдіршіні көз жұмды
Оқиға 25 қазан күні Республика күні таңертеңгі 11-лер шамасында орын алған. Ресми ақпараттарға сүйенсек, отағасы жұмыста болған көрінеді. Аналары базарға кеткен. Балалардың үлкені - 8 жаста, кішісі - 2 жаста болған.
1. Арнұр Жұмағазы, 09.04.2015 ж.т., №6 мектеп интернатының 2-сынып оқушысы.
2. Нұрасыл Жұмағазы, 09.04.2015 ж.т., №6 мектеп интернатының 1-сынып оқушысы.
3. Батыр Бауыржанұлы, 16.03.2020 ж.т.
4. Рамазан Жұмағазы 31.08.2021 ж.т.,
Әкелері- Бауыржан Файзулин, Аягөз қаласындағы Қазығұл ауруханасында жедел жәрдем көлігін жүргізуші болып жұмыс істейді.
Аналары: Арай Наурызбаева, жұмыссыз, бала күтімімен үйде. Отбасының тұрып жатқан үйі Б.Файзуллиннің ата-анасына тиесі екен. Үйдің жалпы ауданы 70-80 м2 құрайды.
Оқиға бойынша, тергеу жұмыстары жүргізілуде.