Қараусыз қалған ғимараттан бала құтқарылды

Қараусыз қалған ғимараттан бала құтқарылды

Абай облысында қараусыз қалған ғимараттың екінші қабатында тұрған баланы №23 мекеме қызметкерлері құтқарды. 

Оқиға 7 тамыз күні кешкі сағат 20.00 шамасында болған. №23 мекеменің телефонына мекеме аумағының сыртындағы қараусыз қалған ғимараттан көмекке шақырған баланың айқайы естілгені туралы хабар түскен.

Мекеме қызметкерлері дереу ғимаратқа барып, 7-8 жастағы баланың жылап тұрғанын көрген. Белгілі болғандай бала ойнап жүріп, қараусыз қалған ғимараттың екінші қабатына көтерілген. Мекеме қызметкерлері екінші қабатқа көтеріліп, түсуінекөмектескен. 

Нәтижесінде бала анасының қолына табысталды. 

         №23 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Уәлихан Жумашевтің айтуынша, қызметкерлердің нақты және үйлесімдііс-әрекеттерінің арқасында жазатайым оқиғаны болдырмады, сондай-ақ мекеме бастығының орынбасары тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауға және балалардың қараусыз қалған ғимараттың жанында ойнауына жол бермеуге кеңес берді. 


#Абай облысы, #бала