Семейде жер үй өртенді

Семейде жер үй өртенді

Семей қаласындағы Городская көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы ақпарат 14 сағ. 45 мин. өрт сөндіру қызметіне түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 20 ш.м. құрайтын аумақта жеке тұрғын үйдің кіреберісі, қабырғадағы ағаш құрылымдары, төбе жабындылары және шатыры өртеніп жатқанын анықтаған. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі Абай облсы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Өрт оқшауланып, 15 сағ. 42 мин. толығымен сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге "Абай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ"РММ-нің жеке құрамның 9 қызметкері және 2 арнайы техникасы жұмылдырылған.
ТЖД азаматтардан отқа абай болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды жәнеот жағатын пештерді уақтылы жөндеуден өткізіп, пеш мұржаларын тазалап отыру керектігін ескертеді. 


#Семей, #өрт