Семейдегі ең ірі киім базары өртенді

Семейдегі ең ірі киім базары өртенді

Ағымдағы жылдың 05-06 ақпанына қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко 65 көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама түскен,- деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

02 сағат 29 минутта өрт орнына келген өрт сөндірушілер эскалатор ауданындағы бірінші қабатта бутиктер жанып, 2 қабаттағы үй-жайларға таратылғанын анықтады. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер жоқ.  Өрттің себебі анықталуда.

Өртті жоюға жеке құрамның 196 адамы және 36 техника жұмылдырылды. 

Абай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін еске салып, төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарласу керектігін айтады.


#Семей, #өрт