ТЖМ Семейдің «Ақшың» базарындағы өрт туралы: Қасақана от қойған болуы мүмкін

ТЖМ Семейдің «Ақшың» базарындағы өрт туралы: Қасақана от қойған болуы мүмкін

Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев Семей қаласының «Ақшың» базарындағы өрттің ықтимал себептерін атады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«6 ақпан күні сағат 00.20-да Семей қаласының „Ақшың“ сауда орталығында өрт шықты. Өрттің негізгі аумағы 6009 шаршы метр болған. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ол жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық прокуратурамен, полициясымен бірлескен комиссиясы оқиғаның себептерін зерттеп жатыр», — деді ол.

ТЖМ өкілі қазір өрттің себебі туралы үш нұсқа бар екенін айтты.

«Біріншісі — өрт электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін. Екіншісі — қасақана өрт қою. Үшіншісі — сауда орталығында ток көздерінің сөндірілмей қалып қоюынан болуы мүмкін. Міне, осындай жұмыстар атқарылып жатыр», — деді Марғұлан Аманбаев.


#Семей, #өрт, #Ақшың корпорациясы