Ерлан Саиров: «Қауіпті жағдай»
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға өңірлерді жылумен қамтуға қатысты депутаттық сауал жолдады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі «AMANAT» партиясының телеграмм каналына сілтеме жасап.
«Алғаш аяз түсуімен еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отыр. Республика аумағында тозығы жеткен жылу орталықтары мен инфрақұрылым 80 проценттен асып кетті. Ал, олардың көбін біз 50 жылдан астам уақыт пайдаланып келеміз. Бұл қауіпті жағдай», – деді халық қалаулысы.
#мәжіліс, #Парламент, #депутат