Мәжіліс депутатының кездесулері жалғасуда

Мәжіліс депутатының кездесулері жалғасуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысы Аягөз ауданының Тарлаулы және Қопа ауылдарында,Ақтоғай кентінде халыкпен ашық кездесулер өткізді. 

Тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етуді шешу, ауыл шаруашылығын дамыту, суармалы жерлерді көбейту, мал соятын арнайы орын ашуды жеңілдету, жол жөндеу, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, электр желісін жаңарту, теміржолшылардың жалақысын көтеру сынды көптеген әлеуметтік мәселелері көтерді.

 

 

Мәжіліс депутаты тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен сұрақтарға жауап берді.


#мәжіліс, #депутат, #Нұртай Сабильянов